Skip to main content

 

 
  • Жұмыс уақыты
  • Дс-Жм 08:30-17:30
 
  • Біздің мекен жай
  • г.Шымкент, Байтурсынова, 85a

Паллиативтік көмек көрсету

Жаникулов Бахадир Усманович

Палиативті көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-онколог жоғары санатты

1996 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бітірген.

 

1996-1997 жж. ТАШГОСМИ хирургия бөлімінде интернатура.

 

2001 жылдан бастап қалалық онкологиялық орталықта жұмыс істейді.

Қалалық онкологиялық диспансердің паллиативтік көмек бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер.

 

                   ҚР Паллиативтік көмек Ассоциациясының

Мүшесі  RUSSCO клиникалық онкологтардың кәсіби

қоғамының мүшесі

Тұрсыналы Ақтолқын Ержанқызы

Паллиативті көмек көрсету бөлімшесінің терапевт-дәрігері

Білімі: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Факультет және мамандық: Жалпы медицина

қабылданған жылы: 2014 ж

бітірген жылы: 2019 ж

GP тағылымдамасы

қабылдау жылы: 2019 ж

бітірген жылы: 2021 жыл

Резидентура терапиясы 2023

Қалалық Онкологиялық Орталық» құрамындағы "Паллиативтік көмек көрсету" бөлімшесі 21.01.2019ж № 29- ж/қ бұйрығымен ашылды.

Бөлімше 30 орынға есептелген (2020 жылдан бастап 25 орын).

Паллиативтік медициналық көмек - радикалды емдеу жүргізуге көрсетілімдері болмаған кезде өте ауыр пациенттің ауырсынуын және ауруының (жай-күйінің) ауыр көріністерін жеңілдетуге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

Бөлімшенің негізгі функциясы:

1) Ауыр және өте ауыр пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

2) Радикалды ем жүргізуге көрсетілімдер болмаған кезде өте ауыр пациенттің ауруының  ауырсынуын және ауыр көріністерін жеңілдету (инкурабельді пациенттер);

3) Өте ауыр пациентке мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету;

4) Отбасы мүшелерін және күтім жасайтын адамдарды жазылмайтын пациенттерді үйде мейіргер күтімінің негіздеріне оқыту;

5) Медициналық ұйым персоналдарының пациенттің отбасы мүшелеріне психологиялық және әлеуметтік-құқықтық консультация беру болып табылады.